Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік бағдарламалар түріндегі алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Мемлекеттік бағдарламалар түріндегі алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды алаяқтықтың жиілеп бара жатқаны туралы ескертеді, онда қаскүнемдер азаматтарға тұрғын үй, кредит алуға немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыздарды есептен шығаруға уәде береді.

«Жедел ресімдеу» немесе «кепілдендірілген мақұлдау» деген сылтаумен олар ақша аударуды сұрайды, содан кейін құрбандарды ақшасыз қалдырып, байланысқа шығуды тоқтатады.

Мұндай схемалар жиі жалған сайттармен, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулармен, «кеңес берушілердің» қоңырауларымен және дербес деректерді ұсыну өтініштерімен қатар жүреді. Кейбiр жағдайларда қаскүнемдер жоқ заңдарға немесе бағдарламаларға сiлтеме жасайды.

Алаяқтар азаматтардың, әсіресе қаржылық қиындықтарға тап болғандардың аңқаулығын пайдаланады. Олар қоңырау шала алады, мессенджерлерде жаза алады, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялай алады немесе ресми порталдарға ұқсас жалған сайттар жасай алады. Олардың мақсаты –  ақшаға немесе дербес деректерге қол жеткізу.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

  • Мемлекеттік бағдарламалар туралы кез келген ақпаратты ресми ресурстарда: eGov.kz, мемлекеттік органдардың сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі верификацияланған аккаунттарында тексеріңіз.
  • Ресми шартсыз бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
  • Мессенджерлер немесе хабарландырулар арқылы ресімдеуді ұсынатын делдалдарға сенбеңіз.

Егер сізге «кезектен тыс» көмек ұсынылса, бұл – сақ болуға себеп.  Сақ болыңыз және жақындарыңызға, әсіресе қарт адамдарға ескертіңіз. Күдікті ұсыныстар болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Ұқсас материалдар