Жаңалықтар
Мемлекеттік органдар арасында жасанды интеллектке арналған ұлттық байқау басталды
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі AI Governance Cup ұлттық сыйлығын жариялады.
Сыйлық мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы жасанды интеллект жобаларын дамыту мен енгізуді ынталандыруға бағытталған.
Байқау алты номинация бойынша өткізіледі: азаматтарға қызмет көрсету, экономика, әлеуметтік саясат, қауіпсіздік, өңірлік жобалар және квазисектор. Өтінімдер 2026 жылғы 3-13 наурыз аралығында govtec.kz/ai-governance-cup сайтында қабылданады.
Сыйлық ЖИ қолданбалы құндылығы мен нақты нәтижесін көрсеткен жобаларды қолдап, мемлекеттік басқарудағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.





