Жаңалықтар
Мереке күндері Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жұмыс істемейді

2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік кірістер комитеті, 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», делінген хабарламада.
Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.