
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы омбудсманына қалай жүгінуге болатынын түсіндірді.
Егер сізде микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) микрокредит бойынша дау туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз.
Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Оған қалай жүгінуге болады?
- Ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
- Электрондық пошта арқылы: info@mfombudsman.kz
- Кеңсеге келіп: Алматы қ., Мынбаева көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе
Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
- омбудсманға жазылған өтініш;
- арыз алушы толтырған сауалнама (сайтта бар);
- жеке басын куәландыратын құжат;
- микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болса);
- микроқаржы ұйымына немесе талап қою құқығы берілген тұлғаға жазылған өтініштер және олардың жауаптары (бар болса);
- жеке деректерді өңдеуге және несие есебін алуға келісім
📞 Байланыс нөмірлері:
+7 (727) 338 22 44
+7 (727) 338 22 25
Еске сала кетсек, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанында енгізілген. Омбудсманның шешімі МҚҰ үшін міндетті болып саналады.