Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігі қандай?

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігі қандай?

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша бірқатар шараларды қабылдады.

Биылғы жылы 10 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚтК)  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына мынадай тиісті өзгерістер енгізілді:

- микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемін көрсетпегені немесе дұрыс көрсетпегені үшін МҚҚЖҰ-ға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қолданылады;

- микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік немесе ломбард ретінде тіркелгені туралы Агенттікке хабарламағаны не уақтылы хабарламағаны үшін 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл белгілене отырып, МҚҚЖҰ-ның жауапкершілігі енгізілді.

ӘҚтК-нің 211-бабына көрсетілген өзгерістер 2025 жылғы
13 наурызда қолданысқа енгізілді.

Ұқсас материалдар