![Мысыр мен Араб елдеріне астық экспортталмақ](/uploads/posts/1739278483_-pbmHQ4xHpwcHZgvjzNMoJnntJ22oSWj/image/post7.jpeg)
Бұл туралы ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі басшысы Айдарбек Сапаров айтты.
Ведомство басшысы өткен жылы жиналған астық көлемімен қатар, қандай елдерге экспортталу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. Ел қамбаларында 20 миллион тоннаға жуық астық бар, оның жартысынан көбі шетел нарығына шығады.
– Былтыр 26,8 млн тонна астық жиналды. Бүгінгі күні оның бәрі эловаторларға кіргізілген. Оның 8,2 млн тоннасы тасымалданды. Соның 4,8 млн тоннасы экспортқа шықты. Бұл жұмыс ары қарай жалғасуда. Жаңа нарықтар ашылып жатыр, Ресей арқылы да, Балтық елдері арқылы да экспортты жүзеге асырып жатырмыз. Қосымша, Мысыр, Араб елдерінің нарығына шығамыз деп жоспарлап отырмыз. Тиісті келісімшарт жасасуға 17-сі күні сол жаққа сапарға шығамыз, – деді Айдарбек Сапаров.
Қазіргі уақытта ел қамбаларында 20 млн тоннаға жуық астық сақталған. Оның 12 миллионын экспорттау қажеттілігі бар. Яғни, 4,8 миллионы экспортталса, бұл жұмыстар әлі де жалғаса бермек.
Ауыл шаруашылығы министрі астықтар диірмендерге ұн өндіруге және мал азығы ретінде қолдануға жіберіліп жатқанын жеткізді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025