Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Нафтогаз» арбитражда «Газпромды» жеңіп шықты​

«Нафтогаз» арбитражда «Газпромды» жеңіп шықты​

Украинаның «Нафтогаз» ұлттық компаниясы Ресейдің «Газпром» компаниясына қарсы халықаралық арбитражда жеңіске жетті.

Швейцарияда өткен сот процесінің қорытындысы бойынша, арбитраждық трибунал «Газпромды» 1,37 миллиард доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

«Нафтогаз» басшысы Сергей Корецкийдің айтуынша, 2022 жылдың мамырынан бастап «Газпром» транзиттік келісімшарт талаптарын бұзып, «take or pay» қағидасы бойынша төлем жасаудан бас тартқан. Осыған байланысты «Нафтогаз» 2022 жылдың қыркүйегінде арбитраж бастамасын көтерді. Ресейлік компания бұл процеске кедергі жасауға тырысқанымен, нәтиже шықпады.

Сотта Швеция, Швейцария және Израиль өкілдерінен құралған арбитрлер «Нафтогаз» талаптарын толық қолдап, шешім шығарды. Енді украиналық компания осы шешімді орындауды қамтамасыз етуге кіріседі.

Ұқсас материалдар