Астанада Үндістан Республикасының 77 жылдығына арналған ресми қабылдау өтті.
Іс-шарада Қазақстандағы Үндістан Елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап, қазақстандықтарға қатысты маңызды шешімді жариялады.
Елшінің айтуынша, Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық мақсаттарда, сондай-ақ ілесіп жүретін тұлғалар үшін 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдаған. Визаны онлайн немесе елшілік арқылы тікелей рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар, елші туристік алмасудың қарқынды өскенін атап өтті: 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны шамамен 250 мың адамға жеткен. Ю.К. Сайлас Тангаль екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, сондай-ақ сауда көлемінің шамамен 1 млрд АҚШ долларына жеткенін жеткізді.
Елші Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.





