Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Медеу ауданының білім ордаларында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Медеу ауданының білім ордаларында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Алматы қаласы Медеу ауданындағы мектептерде Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы түсіндірілді.

Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел егемендігі мен халық бірлігін бейнелейтіні атап өтілді. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ел тарихын білу және азаматтық жауапкершілік туралы айтылды.

Кездесу жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, тәуелсіздік құндылықтарын түсінуге және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталды.

Еске салайық, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Қазақстанның тәуелсіздік алуына негіз болған осы тарихи оқиғаға орай жыл сайын 25 қазанда Республика күні атап өтіледі.

Ұқсас материалдар