Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №228 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
БАҚ-ның хабарлауынша ол БАҚ өкілдеріне сұхбат бермеген.
Айта кетейік, қазақстандық референдумдағы өзгерістер бойынша дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлім етті.
«Жалпы, сағат 12-00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызын құрады», - деді Әсел Жанәбілова.
СІМ баспасөз қызметі хабарлауынша қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандықтар арасында алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда «Нихон» универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын дауыс берген.
Белсенді дауыс берушілер қатарында Үкімет мүшелері де бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және басқа минситрлер түгелдей өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс берді.





