Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

NVIDIA акцияларының құлдырауы: Тарихтағы ең ірі капитализация шығыны

NVIDIA акцияларының құлдырауы: Тарихтағы ең ірі капитализация шығыны
NVIDIA компаниясының нарықтық капитализациясы 600 миллиард долларға төмендеді, бұл АҚШ тарихындағы бір күндегі ең ірі шығын болып тіркелді.

Жаңа DeepSeek технологиясының шығуынан кейін инвесторлар NVIDIA процессорларының жасанды интеллект жүйелеріндегі маңыздылығына күмән келтіре бастады. Бұл жағдай компания акцияларының құлдырауына әкелді. NVIDIA акциялары бір күнде 17%-ға төмендеп, бағасы $118,58-ге дейін түсті. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы пандемия кезіндегі құлдыраумен салыстырғанда әлдеқайда ауыр соққы болды.

600 миллиард долларлық шығынның ауқымы Coca-Cola, Chevron компанияларының капитализациясынан екі есе артық, сонымен қатар Oracle мен Netflix сияқты ірі компаниялардың нарықтық құнынан асады.

DeepSeek-тің ықпалы

Қытайлық DeepSeek компаниясының жаңа ашық коды бар тегін моделі NVIDIA-ға тікелей бәсеке бола бастады. DeepSeek бұл модельді небәрі екі ай ішінде және 6 миллион доллардан аз қаржыға жасап шығарғанын мәлімдеді. Осы процесте NVIDIA H800 чиптері қолданылғанымен, бұл технология нарыққа үлкен әсер етті.

Инвесторлардың үрейі

Cantor аналитиктерінің пікірінше, DeepSeek технологиясының пайда болуы жасанды интеллект саласындағы сұранысқа кері әсерін тигізіп, графикалық процессорларға арналған шығындардың төмендеуіне әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызды. 2023 жылы NVIDIA акциялары 239%-ға, ал 2024 жылы 171%-ға өскен еді. Енді нарықта шығындардың азаюы күтіліп отыр.

Басқа компанияларға әсері

Broadcom сияқты жасанды интеллектке бағытталған чип өндіруші ірі компания да 17%-ға құлдырап, нарықтық құны 200 миллиард долларға азайды. Сондай-ақ, NVIDIA жабдықтарын пайдаланатын Dell, Hewlett Packard Enterprise, Super Micro Computer, Oracle сияқты деректер орталықтары да айтарлықтай шығынға ұшырады.

DeepSeek қосымшасының Apple App Store және Google Play дүкендерінде ең үздік тегін қосымшалар қатарынан көрінуі NVIDIA нарығына қатты әсер етті. Сарапшылардың айтуынша, бұл құбылыс криптовалюталар бағасының төмендеуіне де ықпал еткен.

Ұқсас материалдар