Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Он күнде ауыл шаруашылығы санағына 130 мыңнан астам респондент қатысты

Он күнде ауыл шаруашылығы санағына 130 мыңнан астам респондент қатысты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыздың алғашқы 10 күнінде Қазақстанда өтіп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңіне шамамен 133 мың респондент қатысқан.

Олардың 64 мыңы – бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үй шаруашылықтары, ал 70 мыңға жуығы – мал, егін немесе балық шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдары.

Санақ 1 тамызда басталып, оның алғашқы онлайн кезеңі 31 тамызға дейін жалғасады. Барлық агро субъектілер sanaq.gov.kz сайтында тіркеле алады. Екінші кезең 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді, бұл кезде интервьюерлер үй шаруашылықтарына барып сауалнама жүргізеді.

Іс-шара БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) 10-шы Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санақтары бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мақсат – аграрлық сектордың толық картинасын жасау.

Анықтама үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына немесе sanaq.gov.kz сайтындағы чат-ботқа хабарласуға болады.

Ұқсас материалдар