Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

2025 жылы Қазақстанда 27 892 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 6 016-сы ашылды.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді.

Интернет-алаяқтық барлық алаяқтық қылмыстардың 61%-ын, ал жалпы қылмыстың 29%-ын құрайды. Ашылу деңгейі 21% болып, ашылған істер саны өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға артқан. Қылмыстық жауапкершілікке 1 750 адам тартылды.

Ең көп қолданылатын тәсілдер: банк пен мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, жалған хабарландырулар арқылы алдын ала төлем алу және инвестициялау сылтауы. Жәбірленушілердің басым бөлігі – 60 жастан асқан азаматтар.

Ұқсас материалдар