«Орта Азия – Орталық» газ құбырының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

QazaqGaz ҰК акционерлік қоғамы «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының жөндеу және сынақ жұмыстарын кестеден бұрын бітірді.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары газ құбырының 1134-851 км аралығында жүргізіліп, ақауы бар құбырлар ауыстырылды және сыртқы қабаты арнайы материалмен жаңартылды. Қазіргі уақытта жөнделген бөлікке газ толтыру жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл жұмыстар газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, сонымен қатар Ресей газының Өзбекстанға транзитін ұлғайту мақсатында жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында «Орта Азия – Орталық» газ құбырының реверстік режимі іске қосылып, Қазақстан арқылы Ресей газы алғаш рет Өзбекстанға жеткізіле бастады. Бұл оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен өткен салтанатты рәсімде бастау алды.