Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Орталық Азияда тазартылған суды қайта пайдалану ұсынылды

Орталық Азияда тазартылған суды қайта пайдалану ұсынылды

Орталық Азия елдері су тапшылығына бейімделу үшін тазартылған сарқынды суды қайта пайдалану мүмкіндігін кеңейтуі керек. Бұл ұсынысты Орталық Азия климаттық қорының (CACF) ғылыми консультанты, биология ғылымдарыныңдокторы, Орталық Азия бойынша Кембридж форумының мүшесі Темур Юнусов айтты.

Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Орталық Азияға арналған Жобалық офисінің хабарлауынша Сарапшы суды сапасы мен қолдану мақсатына қарай бөлуді ұсынады. Мәселен, ауызсу сапасына дейін тазартылған суды тұрғындардың қажетіне пайдаланып, тиісті талаптарға сай өңделген суды суаруға немесе кейбір өндірістік жұмыстарғабағыттауға болады.

«Барлық елдер сарқынды суларды тазартудың қатаң және технологиялық тұрғыдан озықнұсқаларын енгізуді қарастыруы тиіс», – деді Юнусов.


Мұндай
жүйе тазарту сапасына тұрақты бақылауды, әр мақсатқа арналған нақтыстандарттарды және кей жағдайда бөлек құбыр инфрақұрылымын қажет етеді. Сарапшыбұл тәсіл су тапшылығын жалғыз өзі шеше алмайтынын, оны су үнемдеу және су қорынбасқару шараларымен бірге қолдану керегін атап өтті.

Ұқсас материалдар