
Отбасы банк жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандықтарды қолдауға бағытталған қадамдары туралы хабарлады.
Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру үшін 2025 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
Жұмысшы кәсіптер ел экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығында шешуші рөл атқарады, көптеген салалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Еңбек адамдарын қолдау және оларға қолжетімді жағдайлар бойынша тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу үшін Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 2025 жылдың 17 наурызда «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасын іске қосады.
Бұл бағытты іске асыру үшін банк 72 млрд теңге қаражат бөледі. Соның арқасында 2 440 жұмысшы мамандықтар өкілі қолжетімді заемдар алып, өзінің тұрғын үй мәселесін шеше алады.
Банктің өнімдері мен қолжетімді несиелеу шарттары туралы ақпаратты барынша жан-жақты хабарлау үшін жыл басынан бері банк филиалдарының қызметкерлері өнеркәсіптік кәсіпорындарға, зауыттарға, өндірістерге баруды. Бүгіннің өзінде 341 кәсіпорынмен кездесулер өткізілді. Бұл ақпаратты шынымен бұл қолдау түрлеріне мұқтаж адамдарға мақсатты түрде жеткізуге көмектесті.
Бағдарлама шарттары қандай?
Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар үшін жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және барлық басқа санаттар үшін жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).
Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10% -дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде 20%-дан бастап;
Заемның ең жоғары сомасы – өңірлері үшін 30 млн теңге, Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Оны бағдарламаға қатысушысы Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондап, сатып ала алады.
Қайталама тұрғын үйді тек моноқалаларда және ауылдық елдімекендерде сатып алуға болады.
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қандай мамандық өкілдері қатыса алады?
Осыған дейін жұмысшыларды қолдау өте маңызды салалар анықталған болатын. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және суару.
Осыған сүйене отырып, банк жоғарыда аталған салаларға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен (ЭҚЖЖ) 1 143 қызмет түрін таңдады. ЭҚЖЖ - бұл Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерінің тізімі. Ол компанияның немесе кәсіпорынның қай салада жұмыс істейтінін, не сататынын, өндіретінін, қандай қызмет көрсететінін анықтайды. Мысалы, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда ЭҚЖЖ-ға «шойын құю», «металл құю», «станоктар өндірісі», «өнеркәсіптік машиналар мен жабдықтарды монтаждау, орнату» және т.б. кіретін болады.
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес барлығы 7 секция іріктелді:
1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;
2) тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
3) өңдеу өнеркәсібі;
4) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;
5) сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет;
6) құрылыс;
7) көлік және қоймалау.
Таңдалған секциялар аясында банк Ұлттық кәсіп жіктеуішінен 8 230 жұмысшы мамандығын анықтады.
Егер «Наурыз жұмыскер» бағытына қатысуға үміткер қызметі іріктелген 7 секцияға жататын кәсіпорында немесе компанияда жұмыс істесе және қызметі банк айқындаған кәсіпке жататын болса (8 230 жұмыс кәсібінің бірі), онда ол бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.
ЭҚЖЖ тізімдері және жұмыс кәсіптері атауларының тізбесі жақын арада банктің сайтында орналастырылады және барлығына танысу үшін қолжетімді болады.
Қалай өтініш беруге болады?
2024 жылдың 17 наурызда өтінімдерді қабылдау басталады. Ол банк бөлімшелерінде өтеді.
Өтінім беру үшін жұмыс орнынан анықтама әкелу қажет (оның бекітілген үлгісі жақын арада банктің сайтында жарияланады). Анықтамада ЭҚЖЖ және үміткердің кәсібі көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ, несиелік өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі (бар болса);
- неке қию (бұзу) туралы куәлік (бар болса);
- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің (оның ішінде ортақ бірлескен меншіктің) болмауы (болуы) туралы анықтама;
- қажет болған жағдайда банк ішкі талаптарға сәйкес басқа да құжаттарды сұратуы мүмкін.
«Наурыз жұмыскер» бағытындағы үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
- Отбасы банкінде депозитке ие болу. Депозит мерзімі маңызды емес, оны өтініш берер алдында ашуға болады.
- Отбасы банкіндегі жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек. Соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында бір реттік төлеммен салуға болады;
- Соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің өзі мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы. Отбасы мүшелеріне - күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер адам үйленбесе, онда тұрғын үйдің жоқтығы тек онымен тексеріледі.
- Соңғы 6 айда ресми табысы болуы керек. Бұл ретте анықтама берілген жұмыс орнынан аударылған, кемінде соңғы үш айдағы міндетті зейнетақы жарналары болуы тиіс.
«Наурыз жұмыскер» бағытының басты айырмашылығы – ол конкурссыз және балл есептемей жүзеге асырылады. Қолжетімді заемдарды банк филиалына жүгінгендер және төлем қабілеттілігін растағандар алады.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірлер мен кәсіпорындар өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды қолдау бағытында жұмыстар атқаруда.
Сәтбаев қаласының әкімдігі алғашқылардың бірі болып жергілікті деңгейде еңбек адамдарына қосымша қолдау көрсетуге ат салысты. Енді Ұлытау облысындағы Сәтбаев моноқаласында жұмысшы кәсіп өкілдеріне арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасы ашылады. Бұл пилоттық жоба және оны қаржыландыруға Отбасы банк пен қала әкімдігі 250 млн теңге бөліп отыр.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері тұрғын үй сатып алу үшін жылдық 6%-дан басталатын (ЖТСМ 6,1%-дан 6,8%-ға дейін) мөлшерлемемен несие ала алады. Толық ақпаратты Отбасы банк қосымша хабарлайтын болады.
Жұмысшы кәсіптері өкілдерінің тұрғын үй мәселесін шешуге Қазақстанның көмір өнеркәсібінің флагманы – «Богатырь Көмір» ЖШС де кіріскен. Бұл кәсіпорын – жұмысшы кәсіптері жылы аясында өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсеткен алғашқысы жұмыс орны. Өз қызметкерлерін жеңілдікті шарттар бойынша несиелеу үшін кәсіпорын мен Отбасы банк 600 млн теңге бағыттайды. Нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлері бастапқы жарнасы 10% болған жағдайда жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,3%-ға дейін) мөлшерлемесі бойынша заем ала алады. Несиенің ең жоғары сомасы 15 млн теңгені құрайды. Жақын арада Павлодар облысында қатысушыларды іріктеу және кредиттік өтінімдерді қабылдау басталады.