18 тамызда Астанада QazExpoCongress жазғы кезеңінің аумағында Purina үй жануарларына арналған азық-түлік брендінің ұйымдастыруымен панасыз жануарларға иелерін табуға көмектесу мақсатында «Көмектесейік» қайырымдылық акциясы өтеді.
Шара Қазақстанда алтыншы рет өткізілуде, бірақ елордада алғаш рет өткізілгелі отыр. Қонақтарға хайуанаттар бағының психологтары мен ветеринарлық клиника мамандарының үй жануарларын күтуге арналған пайдалы және қызықты бағдарламасы, сондай-ақ қызықты интерактивтер мен сыйлықтар ұсынылады. Қатысушылар қайырымдылық қорларының жануарларымен танысып, қаласа, олардың біреуін отбасыларына қабылдай алады. Үйге төрт аяқты досын алып кетуге шешкен, әрбір отбасыға ұйымдастырушылар үй жануарларына қажет нәрсенің бәрі бар пайдалы жиынтықтар дайындады, оларды жануарды қабылдауға шешім қабылдаған барлық қонақтар алады.
Әлеуметтік жоба «Halfway home», «Я живой», «KotoFeya» қайырымдылық қорларымен, «Сердце Ангела» панасыз жануарларды оңалту орталығымен, «Алтын жүрек» еріктілер қозғалысымен және «Зоосфера» ветеринарлық клиникасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
«Отбасында үй жануарының болуы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертетініне сенімдімін. Төрт аяқты достар бізді жауапкершілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа және қамқорлыққа үйретеді, біз өзіміз бақытты бола түсеміз. Сондықтан, біз әлеуметтік жауапты бренд ретінде панасыз жануарлрға отбасын табуға және үй жануарларына қатысты адамдардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған жобаларды қолдауға міндеттендік.
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, бұл бағыттағы күш-жігер қазірдің өзінде көрініс табуда: Алматыда өткен осындай іс-шара кезінде 11 ит пен мысық мейірімді отбасын тапты. Біз әлемді үй жануарлары мен оларды жақсы көретін адамдар үшін жақсы орынға айналдыруға тырысамыз және елорда тұрғындары біздің игі бастамамызды қолдайды деп сенеміз», - деді Еуразия аймағындағы Purina брендінің аға менеджері Абзал Мұхтарұлы.
Қайырымдылық жәрмеңкесі кезінде қатысушылар дәрістерге қатыса алады, онда мамандар үй жануарларын өсіру тәсілдері туралы әңгімелейді, үйде жануарды ұстау туралы мифтерді жоққа шығарады, сондай-ақ тыңдаушылардың ең өзекті сұрақтарына жауап береді. Ойын-сауық бөлігі аясында кәсіби кинологтар мен олардың тәрбиеленушілері кинологтар шоуын өткізеді, аквагрим мамандары мен аниматорлар кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары үшін бос уақытын ұйымдастыруға көмектеседі, әртістер өнер көрсетеді.
Белсенділік тек ойын-сауықты ғана емес, сонымен бірге қайырымдылық әсерін де қамтамасыз етеді: арнайы жарқын фотоаймақта түсірілген әрбір фотосурет, кейіннен, панасыз жануарларға азық-түлік қорабын сатып алуға мүмкіндік береді.
Құйрықтылардың жаңа «ата-аналары» үшін ұйымдастырушылар азық-түлікпен, тасымалдаушымен және жануардың бейімделу процесінде пайдалы басқа керек-жарақтар мен пайдалы сыйлықтар дайындады.
Іс-шараға сіз төрт аяқты досыңызбен қатыса аласыз - бұл жерде иттерді серуендету алаңы, сөмкелер мен арнайы қоқыс жәшіктері бар стендтер, сондай-ақ су ыдыстары мен жаттығу алаңы болады.
Ал арнайы аумақта қонақтар ойыншықтарды, сусын ішетін ыдыстарды, төсек-орындарды немесе мысықтар мен иттерге пайдалы болуы мүмкін басқа заттарды қалдыра алады. Барлық заттар жануарларға арналған паналарға беріледі.
QazExpoCongress басшылығы: «Қоғамда жануарларға деген қамқорлық пен жауапкершілікті дамытуға ықпал ететін осындай маңызды іс-шараға алаң беріп, қайырымдылық акциясына қатысуға қуаныштымыз. Біз Purina брендімен және қала тұрғындарымен бірлескен күш-жігер арқылы жануарларға арналған баспаналарға көмектесетінімізге, үй жануарларының иелеріне қолдау көрсете алатынымызға және әлі де төрт аяқты досының иесі болуды ойлап жүргендерді шабыттандыратынымызға сенімдіміз», - деп атап өтті.