Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Пара мен ұрлық: ҰҚК бір жылда 16 млрд теңгені қайтарды

 Пара мен ұрлық: ҰҚК бір жылда 16 млрд теңгені қайтарды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жариялады.

Комитеттің мәліметінше, жыл ішінде 895 адамның заңсыз әрекетінің жолы кесілген.

Аталған кезеңде 1052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 іс сотқа жолданған. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқырумен байланысты.

Тергеу нәтижесінде мемлекетке 16,1 млрд теңге қайтарылған. Сонымен қатар құны 3,3 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынған.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.

Ұқсас материалдар