
Telegram-ның иесі Павел Дуров әйгілі Көлсай көлдеріне шомылған видеосын стористе жариялады. Видеоға «Тамаша жүздім» деп жазған.
Тарап жатқан скриншотта Ортаңғы Көлсай көлінен жартылай жалаңаш шығып келе жатқаны байқалады.
Қазір Көлсай көлдерінде ауа-райы шамамен +7 +8 градус. Қар жатыр. Алайда көлдің беті әлі қатпаған.
Айта кетейік, Павел Дуров Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумына қатысып, Қазақстанда ЖИ зерханасын ашатыны туралы хабарлап, достарының бірі Қазақстаннан әйел ал дегенін, алайда өзінің ол үшін емес, ЖИ туралы сөйлесуге келгенін айтып әзілдеген еді.
Артынша Дуров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.