Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент сайлауына кандидат атанғандардың толық тізімі шықты

Президент сайлауына кандидат атанғандардың толық тізімі шықты

Астана. 10 қазан. 7kun.kz – Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынылған адамдардан құжат қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды 7kun.kz

21 қыркүйек пен 10 қазан аралығында президент сайлауына кандидаттарды ұсыну процесі жүріп, барлығы 12 кандидат құжат тапсырды. Олар:

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жигули Дайрабаев.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев.

«Аманат» кәсіподақтар достастығынан Мейрам Қажыкен.

«Amanat», «Ақ жол», Қазақстан халық партиялары, сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі» және «Қазақстандық спортшылар одағынан» Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан» Қарақат Әбден.

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен Нұржан Әлтаев.

Қазақстан құрылысшылар одағы атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев.

«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Жұматай Әлиев.

«Қазақ аналары — дәстүрге жол» атты республикалық бірлестігінен Салтанат Тұрсынбекова. 

«Оралмандардың «Асар» бірлестігінен» Хайролла Ғабжалилов.

«Қазақстанның футбол әуесқойлары лигасынан» Бақыт Жаңабаев.

«Практикалық Психология»республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизакова.

ОСК хабарлауынша, әзірге тек 5 адамның құжаты кандидатқа қойылатын талапқа сәйкес. Қалғандары әлі тексерілуде.

Тексеруден өткен кандидаттар сайлаушылардың кем дегенде 1%-ын, яғни 118 мыңнан аса қол жинауы тиіс.

Жиналған қолдардың тексерісінен кейін ОСК тиісті кандидатты тіркеу туралы шешім қабылдайды. Тек содан кейін ғана үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі. 

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Похожие материалы