Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Прокуратура FlyArystan-ды duty free тауарларын тегін өткізуге міндеттеді

​Прокуратура FlyArystan-ды duty free тауарларын тегін өткізуге міндеттеді

Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасының араласуынан кейін FlyArystan әуе компаниясы duty free дүкендерінен сатып алынған тауарларды қол жүгінде тасымалдау қағидаларын қайта қарады.

Тексеру барысында әуе компаниясында мұндай өнімдерді тегін алып жүруге қатысты шектеулер заң талаптарына сәйкес еместігі анықталған. Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде FlyArystan өз ішкі ережелеріне түзетулер енгізді.

2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық бағыттағы жолаушылар duty free дүкенінен алынған заттарды қол жүгінде тегін тасымалдай алады. Жаңартылған қағидалар әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.

Қадағалау органы бұл өзгерістер заңнаманы бірізді қолдануға, жолаушылар үшін түсінікті жағдай қалыптастыруға және әуе компаниясы қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас материалдар