Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар оқиғасының зардаптарын жоюға 35 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады

Қаңтар оқиғасының зардаптарын жоюға 35 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады

ҚР бюджетінен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға 37 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Қаңтар оқиғаларының салдарын жоюға 37 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде Алматыда және басқа да өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге 21 млрд теңге жұмсалады", – деді Савельева.

Оның айтуынша, жалпы шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша қажеттілік 45 млрд теңгені құрайды. Қазірдің өзінде үкімет резервінен 24 млрд теңге бөлінді.

"Бұзылған әкімшілік коммуналдық инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге 10 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 22 млрд теңгені құрайды, қазір үкімет резервінен 12 млрд теңге бөлінді", – деп атап өтті Савельева.

Содай-ақ, Алматыдағы Президент резиденциясын демонтаждауға 6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Похожие материалы