Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Qazaq Air-ға аш жолаушы үшін 612 мың теңге айыппұл салынды

Qazaq Air-ға аш жолаушы үшін 612 мың теңге айыппұл салынды

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Qazaq Air әуе компаниясына Ақтөбе-Астана рейсінің аш жолаушысы үшін 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды 7kun.kz «Диапазон-ға» сілтеме жасап.

«Сот жолаушыны түнде әуежайда тамақтандырмағаны үшін Qazaq Air әуе компаниясына 612 мың теңге айыппұл салды», –  делінген хабарламада.

Басылым жазуынша, Ақтөбе әуежайында Qazaq Air ұшағының кешігіп келуіне байланысты елордаға рейс төрт сағат 40 минутқа кешіктірілген. Рейстегі жолаушылардың бірі әуе компаниясынан тамақ пен сусын беруді сұраған, бірақ оған тамақ та, су да берілмеген. Жолаушы аш қалғанын айтып, қадағалаушы мемлекеттік мекемеге арызданған.

Нәтижесінде Qazaq Air әуе компаниясына қатысты «Тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда тасымалдаушының жолаушыға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот Qazaq AIR компаниясына 612 мың теңге айыппұл салды

«Әуе тасымалдаушысы күндізгі уақытта рейсті кейінге қалдыру туралы алдын ала хабарлап, тамақ пен сусын беру туралы хабарландыру жасады. Ал бұл жолаушы түн ортасынан кейін, 00.40-та әуежайдағы кафе жабылған кезде тамақ сұрады. Яғни, авиатасымалдаушының логикасы бойынша, компанияның осы уақытта тамақ алуға мүмкіндігі болмады, сондықтан компанияның кінәсі жоқ», – делінген хабарламада.

Сот бұл дәлелдерді негізсіз деп тапты. 

«Судья Ақмолдина авиакомпаниялар жолаушыларды тәулік бойы тасымалдайтынын атап өтті, яғни олар рейс кешіктірілген жағдайда олар тәуліктің кез келген уақытында заңда көзделген барлық қызметтерді көрсетуге міндетті екеніне дайын болуы керек, бұл авиакомпанияның міндеті», –  деп жазды басылым.

Айта кетейік, Qazaq Air әуе компаниясы 2015 жылдың 1 сәуірінде құрылды. Компанияның тарихы туралы 7kun.kz-тің бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

 

                                                                                                                              

Ұқсас материалдар