Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабық тұр

Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабық тұр

Қытайда «Цинмин» мерекесіне байланысты 4 сәуірде қазақстан-қытай шекарасы жабық болады. Азаматтар мен көлік құралдары, жүктер өткізілмейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», дейді МКК.

Ұқсас материалдар