Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда заманауи көшпенділер визасы енгізілмек

Қазақстанда заманауи көшпенділер визасы енгізілмек

Қазақстанда шетелдіктерге арналған Neo Nomad Visa енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Осылайша, шетелдік туристер елде ұзақ уақытқа тұрақтау құқығына ие болады. Әсіресе, визаның жаңа түрі қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қонақтарды қызықтыратыны атап өтілді.

– Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда (жұмыс атауы – NEO Nomad Visa). Бұл шараны енгізуден күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды, — деді Ермек Маржықпаев.

Жаңа виза жыл соңына дейін іске қосылуы мүмкін. Айтпақшы, мұндай «көшпенділер визасы» әлемнің 50 елінде бар. Neo Nomad Visa сәтті жүзеге асса, бірінші жылдың өзінде шамамен 500 турист келеді деп күтілуде.

Жалпы, министрдің айтуы бойынша 2023 жылы Қазақстанға 9,2 миллион шетел азаматы келген. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе көп екенін атап өтті.

Ұқсас материалдар