Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей газының Өзбекстанға транзиті артады

Ресей газының Өзбекстанға транзиті артады

Ресей газының Өзбекстанға транзиті 2038 жылға дейін 11 млрд текше метрге жетуі мүмкін. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. 

Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ транзитінің көлемі артады. Министрдің айтуынша, елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану бағытында жұмыс жүргізілуде.

2023 жылдың қазан айында Ресей газының Өзбекстанға транзиті іске қосылған болатын. Сол жылы 1,28 млрд текше метр газ жеткізілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд текше метрге жетті.

«Биыл газ көлемін 7,3 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ал 2038 жылға қарай бұл көрсеткішті 11 млрд текше метрге дейін жеткізуді көздеп отырмыз», – деді министр.

Сондай-ақ Түрікменстан мен Өзбекстан газының Қытайға экспорты да бұрынғы деңгейде сақталады.

 «2025 жылы Қытайға тасымалданатын түркімен және өзбек газының көлемі шамамен 36,2 млрд текше метр болады. Бұл өткен жылдың деңгейімен шамалас», – деді Ақкенженов.

Ұқсас материалдар