
Көлік министрлігі дерегінше, биылғы наурыз айынан бастап Air Astana әуе компаниясы үш елге рейстер ашады.
Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршрут қатынайды.
Көктемгі-жазғы маусымынан бастап Air Cairo әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда, – делінген мәліметте.
Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.