Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Саакашвили Грузия бюджетіне $3,3 млн астам қаражат өтеуге міндеттелді

Саакашвили Грузия бюджетіне $3,3 млн астам қаражат өтеуге міндеттелді

Тбилиси қалалық сотының судьясы Александр Гзиришвили Грузия Қаржы министрлігінің талап-арызын толық қанағаттандырып, елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мен Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы генерал Тимур Джанашияны мемлекет қазынасына 8,4 млн лари (шамамен $3,1 млн) көлемінде бірлесіп өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бұл туралы Interpressnews агенттігі хабарлады.

Бұл азаматтық іс бұрынғы президентке қатысты мемлекеттік қаражатты ысырап ету туралы қылмыстық іс бойынша шығарылған сот шешімінен кейін қаралған. Бұған дейін Саакашвили бұл іс бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылса, Джанашия 300 мың лари ($111 мың) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Прокуратураның мәліметінше, Саакашвили мен оның серіктестері шамамен 9 млн долларды ботокс инъекцияларына, көңіл көтеру шараларына және жақын адамдарға қымбат сыйлықтар жасауға жұмсаған. Алайда Саакашвили мен оның қорғаушылары бұл шығындарды протоколдық және өкілдік мақсаттағы шаралар деп атап, мысал ретінде Дональд Трампқа арналған ресми кешкі асты келтірген.

Сот шешімі бойынша, Саакашвили жеке өзі бюджетке 631 540 лари ($233 903) төлеуі тиіс. Ал Джанашияның Грузияда мүлкі болмағандықтан, қалған соманы — шамамен $3,3 млн-ды Саакашвили өтеуі қажет.

 Мүлікке тыйым салу ықтималдығы

Грузия заңнамасына сәйкес, прокуратура мен қаржы министрлігі Саакашвилидің анасы Гиули Аласанияның жылжымайтын мүліктеріне тыйым салып, оларды аукционға шығаруға құқылы. Аласанияның Грузияда миллиондаған доллар тұратын бірнеше нысаны бар екені хабарланған.

 Денсаулығы және қазіргі жағдайы

Михаил Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанында Украинадан Грузияға жасырын оралмақ болғанда қамауға алынған. Қазіргі таңда ол Тбилисидегі "Вивамеди" жекеменшік клиникасында ем қабылдауда.

Ұқсас материалдар