Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Құжат Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты көздейді. Атап айтқанда, екі ел аумағында жинақталған еңбек өтілін өзара тану, әскери қызмет кезеңдері мен оқу уақытын еңбек өтіліне есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқа елде пайдалану тетіктері енгізіледі.
Сенаторлардың айтуынша, келісім қандастар үшін нақты әлеуметтік қолдау болмақ. Моңғолиядан көшіп келген азаматтардың бір бөлігіне еңбек өтілін қайта есептеп, зейнетақы төлемдерін қайта қарастыру жоспарланып отыр. Құжат Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының көшу немесе тұрақты тұру жағдайында зейнетақы құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.





