Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шенген визасын алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Шенген визасын алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Қазақстан мен Еуропа одағы арасында виза рәсімдерін оңайлату және реадмиссия мәселелері бойынша келіссөздердің екінші кезеңі Астанада өтеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропаға виза рәсімдеу барысында талап етілетін құжаттар тізімін қысқартуды ұсынып отыр. Бұл бастама Қазақстан азаматтары үшін виза алу үдерісін жеңілдетуге бағытталған. Келіссөздердің алғашқы кезеңі бұған дейін Брюссель қаласында өткен.

Қазіргі таңда Қазақстан 39 мемлекетпен визасыз режим орнатқан. Сонымен қатар, 87 елдің азаматтары Қазақстан аумағына визасыз кіре алады, ал 107 елдің азаматтарына елге электронды виза арқылы келу мүмкіндігі қарастырылған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөздер сәтті аяқталған жағдайда, қазақстандықтар үшін Еуропа елдеріне сапарлау шарттары едәуір жеңілдеуі ықтимал. 

Ұқсас материалдар