Осылайша, (бір жыл бұрынғы 7,8%) қазір электрокөліктер елдегі жалпы автокөлік сатылымының 8,9 пайызын құрайды.
«АҚШ-тағы электр көліктерінің сатылымы өсуде», - деді Стефани Валдез Стрити, Cox Automotive компаниясының салалық талдау жөніндегі директоры - «Өсуге ішінара ынталандырулар мен жеңілдіктер әсер етеді, бірақ қолжетімді электр көліктері пайда болды. Инфрақұрылым жақсарса, біз алдағы жылдары одан ары көбеюін күтеміз».Шілде-қыркүйек айларында Tesla (SPB: TSLA) 6,6%-ға (166,9 мың автокөлікке дейін), General Motors (SPB: GM) - төрт есе (4,69 мыңға дейін), Ford Motor (SPB: F) - 12,2% (23,51 мыңға дейін) өскен. Бұл ретте Bayerische Motoren Werke AG (SPB: BMW) электр көліктерінің сатылымы 5,9%-ға (12,31 мыңға дейін), Volkswagen – 58%-ға (4,52 мыңға дейін), Volvo – 50%-ға (1,54 мыңға дейін) төмендеді).
АҚШ-та қаңтар-қыркүйек айларында электрокөліктердің сатылымы 8,4%-ға - 946,143 мыңға дейін өсті.