Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сирия бойынша Астана процесінің жалғасуы Иран, Түркия, Ресейге байланысты

Сирия бойынша Астана процесінің жалғасуы Иран, Түркия, Ресейге байланысты
Астана процесінің болашақта жалғасуы немесе тоқтауы Сириядағы оқиғалардың дамуына және Иран, Түркия, Ресейдің қабылдаған шешімдеріне байланысты. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иран парламентінің Сириядағы жағдайға арналған жабық отырысынан кейін сөйлеген сөзінде осындай пікір білдірді

Иран министрінің айтуынша, Астана бейбітшілік процесіне Сирия үкіметі ешқашан қатыспаған, тек Иран, Түркия және Ресей ғана қатысқан.
«Бұл процестің болашақта жалғасуы немесе тоқтауы оқиғалардың дамуына және үш елдің қабылдаған шешімдеріне байланысты», — деді ол.
Аракчи сондай-ақ басқа араб елдері де Астана процесіне ешқашан қатыспағанын атап өткен. 

Ал қазақстандық саясаттанушы Асхат Қасенғали «Астана процесі» осымен тарихқа кетті, дейді. 

Оның жазуынша жиынтығы 22 кездесу өткен.

«7-желтоқсанда Катарда Иран, Түркия және Ресей үштігі Сирия бойынша бас қосты. Бұны да сол «Астана форматына» жатқызсақ болатын шығар. Себебі Сирия соғысындағы Астана процесінде негізгі рөлді осы үш ел ойнады. Ал 8-желтоқсанды тек қана Асад режимінің құлауы емес, сондай-ақ «Астана процесінің» бітуі деп те қарастырсақ болатын шығар. Медиаторлық алаң болған «Астана процесі» осымен тарихқа кетті-ау деймін», — деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Ұқсас материалдар