Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

2024 жылдың қараша айында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды.

Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына келді. Жақсылық Омар Өскемен қаласын алты жыл басқарды.

«Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі жазбасында.

Жақсылық Омардың жұбайы – бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның туысы.

Ұқсас материалдар