Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды, деп хабарлайды  YK-news.kz.

3 сәуір күні Өскемен қаласының №2 сотында Жақсылық Омардың ісі бойынша қорытынды сот отырысы өтті. Шенеунікке алаяқтық және пара алу баптары бойынша айып тағылған болатын.

Сот үкімімен Жақсылық Омар кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар сот шешімі бойынша оның Toyota көлігі тәркіленді.

Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен қаралған болатын.

Ұқсас материалдар