Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қанат Бозымбаев СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге үйдің кілтін табыстады

Қанат Бозымбаев СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге үйдің кілтін табыстады
15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөндеуден өткен тұрғын үйлерге көшіруді аяқтады.

Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй ​​сатып алынып, 1899-ы күрделі жөндеуден өтті. Жаңа «Бірлік» шағын ауданын құраған Петропавлда 700 үй салынды. Бүгін тағы 173 үйдің құрылысы аяқталып, кілттері тұрғындарға табыс етілді. Салтанатты табыстау рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

«Тұрғындарға төзімділік танытқаны үшін және аймақты қалпына келтіруге атсалысқан барлық бизнес өкілдеріне, атап айтсақ, "Қазақстан халқына" қорының  басқарма төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішев, "Kazakhmys" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огай, Kaspi.kz компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Константинович Ким, "KAZ Minerals Management" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Николаевич Новачукке алғыс айтқым келеді. Сіздерсіз біз мұндай ауқымды құрылысты 3,5 айда бітіре алмас едік», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бүгінде жаңа «Бірлік» шағын ауданында Kaspi компаниясы балабақша құрылысына демеушілік етуде, 600 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Жақында ықшам ауданға асфальт жол төселіп, автобус қатынайтын болады.

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар