Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сот орындаушысы алимент қаражатын жымқырған

Сот орындаушысы алимент қаражатын жымқырған

Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен баю схемасын қолданып, балаларды алиментсіз қалдырған.

  Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген. Одан әрі борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.

Мысалы, бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған. Жұмыс беруші сәуір айынан маусым айына дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден астам сомаға алимент төлемдерін аударған. Сот орындаушысы алынған соманың 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жымқырған.

Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, оның көмегімен 2 млн теңгеден астам соманы қалтасына салған.

Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Ұқсас материалдар