Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Танымал мұнай-газ компаниясы мемлекетке 8,4 млрд теңге шығын келтірген

Танымал мұнай-газ компаниясы мемлекетке 8,4 млрд теңге шығын келтірген

«Buzachi Operating Ltd» мұнай-газ компаниясына миллиардтаған шығынды өтеді. 

Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру нәтижелері бойынша «Buzachi Operating Ltd» (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясы филиалының қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.

«Компания 6 жыл бойы мұнай мен газдың жоғалуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағуды жүзеге асырған. Прокурорлар қабылдаған шаралар бойынша сот шешімдерімен компанияны жалпы сомасы 8,4 млрд теңгеге залалды өтеуге міндеттеді.

Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Осы жылдың наурыз айының басында компания мемлекетке келтірген залалды толығымен өтеді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас материалдар