Өзбекстанның My Freighter әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Жаңа әуе бағыты Ташкент – Қостанай бағытында іске қосылады. Рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстардың дамуына оң әсер етеді.





