Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Теңіздегі өндіріс қалыпты режимде жалғасуда

Теңіздегі өндіріс қалыпты режимде жалғасуда

«Теңізшевройл» Теңіз кен орнындағы өндірістік қызмет қалыпты режимде жалғасып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, жексенбі күні Жылыой ауданындағы үшінші буын зауытының екі электр генераторында өрт шыққан еді.

«Өрт жедел түрде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасуда. Қызметкерлердің қауіпсіздігі  ТШО үшін басты басымдық. Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес оқиғаның бастапқы себептерін бағалауды жүргізіп жатыр. Бұдан өзге, ТШО өзінің операциялық қызметіне қатысты жекелеген мәліметтерге түсініктеме бермейді», - деп хабарлаған компания «ҚазАқпарат» агенттігіне.  

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 18 қаңтар күні ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.3 турбинасының трансформаторында өрт шыққанын, ал сәл кейінірек GT-9.5 трансформаторында да өрт тіркелгенін хабарлаған болатын.

ҚМГ деректеріне сәйкес, персонал қауіпсіз жерге эвакуацияланған, ал ТШО-ның авариялық қызметі өртті толықтай жойған.

Ұқсас материалдар