«Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», - деді Жаслан Мәдиев.Ведомствоның хабарлауынша, кездесуде деректер қауіпсіздігі, фейк аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғау мәселелері талқыланды. Министрлік сонымен қатар Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауда.
«Интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл — ортақ күш-жігерді қажет ететін жаһандық міндет. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттады», - деді министрліктен.