Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

TikTok АҚШ аумағында істемей қалды

  TikTok АҚШ аумағында істемей қалды

Жексенбі күні америкалық қолданушылар TikTok желісін аша алмай қалды.

Қосымшаны ашқан кезде «Кешіріңіз, TikTok қазір жабық. АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң күшіне енді, енді оны пайдалана алмайсыз. Бір жақсысы, президент Трамп қызметке кіріскенннен кейін бұл мәселені шешуге тырысатынын айтқан. Бізбен бірге болыңыз» деген хабарлама келген. 

Алайда, TikTok АҚШ-та тыйым күшіне енбей тұрып бірнеше сағат бұрын істемей қалған. Ал Google Play мен Apple Store сервистері де америкалық қолданушыларға оны орнату мүмкіндіктерін алып тастады.

 Одан өзге TikTok -тың иесі – ByteDance компаниясына тиесілі CapCut, Lemon8, Gauth және Hypic қосымшаларының да АҚШ-тық қолданушыларға қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқаны туралы хабарлама жіберілген.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты егер TikTok қытайлық ByteDance компаниясынан ажырамаса, желіге тыйым салуға мүмкіндік беретін заңның күшін жоюдан бас тартқан. Құжат Дональд Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда – 19 қаңтарда күшіне енеді.

Трамп желіні америкалықтарға сату арқылы «TikTok-ты құтқаруға» уәде берген. 17 қаңтарда Трамп Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен телефонмен сөйлесіп, әңгіме барысында TikTok мәселесін де талқылаған. Сондай-ақ, ол Трамп 18 қаңтар күні журналистермен жүздескенде президенттік қызметке кіріскеннен кейін TikTok-қа қатысты тыйымның орындалуын 90 күнге кейінге шегеруі мүмкін екенін айтты. Осы уақыт аралығында компанияның иесі заңнама мәселелерін шешуі тиіс. 

Айта кету керек, АҚШ-та шамамен 170 млн TikTok қолданушысы бар.

Ұқсас материалдар