Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​«Түркістан-Самарқанд» бағытындағы жаңа әуе рейсі іске қосылды

​«Түркістан-Самарқанд» бағытындағы жаңа әуе рейсі іске қосылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе байланысы кеңейіп, Түркістан-Самарқанд бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды.

Бұл бағыт Астана қаласынан басталып, Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшу мүмкіндігін ұсынады.

Жаңа рейс аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асады. Билеттің бастапқы құны 23 500 теңгеден басталады.

Бұл бағыт Түркістан мен Самарқандқа туристік сапарларды жеңілдетіп, саяхатшыларға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Рейсті “Qazaq Air” әуекомпаниясы орындайды.

Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық бағыттар бойынша Ыстамбұл, Абу-Даби, Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты рейстер жасалады.

Ұқсас материалдар