Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әуе кемесіне қауіп төндіру әрекеттері үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Әуе кемесіне қауіп төндіру әрекеттері үшін қылмыстық жаза енгізіледі

2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру қылмыстық жауапкершілікке жататын құқықбұзушылық ретінде заңды күшіне енеді.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне емес, Қылмыстық кодекске енгізіліп отыр.

Енді лазерлік құрылғылармен ұшқыштардың көруіне кедергі жасау немесе пилотсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) әуе кемесіне бағыттау әрекеттері үшін қатаң жаза қарастырылады. Мұндай әрекеттер жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Жаңа 352-1-бапқа сәйкес:

  • Мұндай әрекет үшін бастапқыда айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе қамауға алу түріндегі жаза тағайындалады;

  • Егер әрекет салдарынан адам денсаулығына зиян келсе, кінәлі тұлғаға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін;

  • Ал адам өліміне себеп болған жағдайда – 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бұл норма Ішкі істер органдарының құзыретінде болады және мұндай істер тергеліп, қылмыстық іс қозғалады.

Мамандардың айтуынша, лазер сәулесі ұшқышты уақытша көру қабілетінен айыруы мүмкін. Бұл әсіресе ұшу мен қону кезінде аса қауіпті, себебі әуе кемесін басқару дәл осы кезеңде жоғары шоғырлануды қажет етеді.

Мұндай заң нормалары қазіргі таңда көптеген елдерде қолданыста бар. Мысалы, Германияда – 10 жылға дейін, Өзбекстанда – бір жылға дейін, ал Канада, АҚШ, Аустралия және Жаңа Зеландияда да бұл қылмыс үшін қатаң жаза қарастырылған.

Жаңа заң – азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Ұқсас материалдар