Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 115 млрд теңге бөлінді

Ұлттық қордан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 115 млрд теңге бөлінді

Астана. 9 маусым. 7kun.kz - Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға Ұлттық қордан шамамен 115 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

«Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша арендалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға Ұлттық қордан 115 млрд теңге бөлінген. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 29 млрд теңге бағытталған», - деді Р.Скляр «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын орындау аясында тұрғын инфрақұрылымын нығайту бойынша арендалық тұрғын үй құрылысының барысы мен шаралары» туралы дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, осы арқылы жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған 13 мың 700  азаматы арендалық баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Олардың ішінде 7234 отбасы 2015 жылы баспанамен қамтамасыз етілген болатын.

Похожие материалы