Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Волковгеологиядағы» 86 млн тг жымқыру: ҚМА тергеуді аяқтады

«Волковгеологиядағы» 86 млн тг жымқыру: ҚМА тергеуді аяқтады

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымындағы негізгі кәсіпорын – «Волковгеология» АҚ-ның бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Дінмұхамед Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған.

Аталған құжаттарда «Казбурмаш СК» ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген.

Осы жалған актілер негізінде контрагентке 86 млн теңгеден астам сома аударылған. Кейін бұл қаражат заңсыз иемделген.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді.

Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы іс аясында «Волковгеология» АҚ филиалының директоры А.М. Борашев, сондай-ақ «Казбурмаш СК» ЖШС басшысы Е.С. Алипбаев пен бухгалтер Г.Ж. Токатаева 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді. 


Ұқсас материалдар