Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

VR арқылы маман даярлау басталды: жаңа жоба 5 қалада іске қосылады

VR арқылы маман даярлау басталды: жаңа жоба 5 қалада іске қосылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларды даярлау жүйесіне виртуалды шындық (VR) технологияларын енгізуді бастады.

Жаңа тәсіл жұмыссыз азаматтарға тек теориямен шектелмей, нақты жұмыс жағдайына барынша жақын ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында оқу процесі екі кезеңнен тұрады. Алдымен қатысушылар Skills Enbek платформасында бес бағыттың бірі бойынша онлайн-курстардан өтеді. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Теориялық кезең аяқталған соң оқыту Мансап орталықтарында жалғасады. Мұнда қатысушылар VR-шлемдер арқылы алған білімдерін бекітіп, өндірістік жағдайға ұқсас ортада практикалық дағдыларын дамытады. Бағдарламаны тәмамдағандарға арнайы сертификат беріледі, ол автоматты түрде жеке кабинетте тіркеледі.

Пилоттық жоба Қонаев, Өскемен, Түркістан, Шымкент және Астана қалаларында жүзеге асырылады. Елордада іске қосу сәуір айына жоспарланған, кейін жоба өзге өңірлерге кезең-кезеңімен енгізіледі.

Министрлік мәліметінше, мұндай цифрлық шешімдер азаматтардың еңбек нарығына жылдам бейімделуіне және жұмыс берушілер талаптарына сай практикалық дағдылармен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.

Ұқсас материалдар