Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Wabtec және Huawei теміржолға жасанды интеллект енгізуге кірісті

Wabtec және Huawei теміржолға жасанды интеллект енгізуге кірісті

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі теміржол саласында жасанды интеллектіні енгізу барысы жайында түсінік берді.

«Цифрлық технологияларды қолдану – саланың дамуында негізгі факторларының бірі. Теміржол саласында PSA компаниясымен бірлесіп, кедендік және транзиттік бизнес-процестер цифрланды, Wabtec және Huawei компанияларымен бірге жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Логистиканы оңтайландыру үшін «бір терезе» форматы жұмыс істеп тұр», – деді М. Қарабаев Парламент Мәжілісінде көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, автомобиль көлігі бойынша, осы жылдан бастап электронды рұқсат бланктерін алмасу және Көлік құжаттарын басқарудың біріңғай жүйесі енгізілді. 

«Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 20 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылды. Автомобиль жолдары саласында «e-Joldar» жүйесі жасақталып жатыр. Азаматтық авиацияда барлық әуежайларда электронды құжаттар қолданылуда және рейстер кешіккен кезде жолаушыларды автоматты түрде сақтандыру енгізіліп жатыр. Министрлік цифрлық дамудың нақты векторын айқындады. Бұл вектор 5 жылдық кезеңде Цифрлық трансформация картасы аясында жүзеге асырылып жатыр», – деді министр.

Ұқсас материалдар