Қазақстан Бас прокуратурасы WhatsApp мессенджеріне қатысты GhostPairing деп аталатын жаңа алаяқтық тәсілі пайда болғанын хабарлады.
Бұл әдіс арқылы қаскөйлер құпиясөз немесе SIM-картаны бұзбай-ақ пайдаланушылардың аккаунтына заңды түрде кіре алады.
Алаяқтар ресми қызметтерге ұқсайтын жалған сілтемелерді таратып, қолданушыдан телефон нөмірі мен растау кодын сұратады. Кодты енгізген сәтте бөтен құрылғы аккаунтқа «сенімді құрылғы» ретінде қосылып, хат-хабарламалар мен жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Прокуратура азаматтарға күдікті сілтемелерге өтпеуді, растау кодтарын үшінші тарап сайттарына енгізбеуді және WhatsApp-тағы «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін тексеріп отыруды ескертеді. Сондай-ақ қауіпсіздік үшін екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.





