
Қазақстанда экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерінің контрабандасы әшкереленді.
Олар елге жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелінген.
Бас көлік прокуратурасы хабарлауынша, Қытайда өндірілген жалпы құны 150 млн теңгеден асатын көліктер бойынша экономикалық контрабанда дерегі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының соталды тергеп-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары қолға алынды», – делінген ресми мәліметте.