Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жанармай бағасы қаншаға қымбаттайды?

Жанармай бағасы қаншаға қымбаттайды?
Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше, 1 ақпаннан бастап мұнай өнімдерінің көтерме бағасы артты.

Бұл өзгеріс ай соңына қарай жанармайдың бөлшек бағасына да әсер етуі мүмкін.
 Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, өзгеріс 30 қаңтардан бастап күшіне енді.

Ресурс иелері, соның ішінде нарықтың 80%-ын бақылайтын KC Energy Group пен «ҚазМұнайГаз», 1 ақпанда көтерме бағаны өсірді. Орташа есеппен алғанда, АИ-92 бензині мен дизель отынының көтерме бағасы 1 литріне 4 теңгеге қымбаттады. Осыған байланысты ақпанның соңына дейін жанармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге көтеріледі, – деп түсіндірді қауымдастық.

Қауымдастық өкілдері баға өсімінің 80%-ы (3 теңге) мемлекеттік бюджетке акциз ретінде алынатынын атап өтті. Бұл салықтық түсімдерді арттырғанымен, қарапайым тұтынушыларға жанармай бағасының қымбаттауы әсер етеді.

Ұқсас материалдар